Мәскеу өңірлік "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының веб-сайты
www.kazakh-tili.ru
.     
Айдарлар/Рубрики:


Соңғы видео

Кайдар аға, соңғы интервью

 



Календарь праздников

Праздники России



Байланыс/Контакты

Тел: 8-926-2321099;
E-mail:
otandastarkz@gmail.com



Пайдалы сілтемелер

Умма.ру

Онлайн курс казахского языка



Мүшелік жарна төлеу

Мүшелік жарна төлеу әдістері



Серіктестер

Киргиз-инфо в Москве

ФНКА

СТР

Союз грузин России

Издание Пресс-клуба при ГУ МДН

Открытый информационный портал еврейской общины России и русскоязычной Диаспоры

Актюбинское землячество в Москве



Сілтемелер


Мәдени орталықтар


  Главная   О нас   Фотогалереи   Видеоканал     Регионы

Сегодня понедельник, 18 декабря 2017 года

«СЫРДЕСТЕНІ» АШЫП ҚАРА...

Жуырда белгілі журналист-публицист, ғалым-дипломат, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі және жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» дипломының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының және Ресей Аудармашылар одағының мүшесі, Қазақстан баспаларынан әр жылдары жарық көрген ондаған көркем-публицистикалық, ғылыми-зерттеу және аударма кітаптардың авторы Серікқали Байменшенің «Сырдесте» деп аталатын жинағы қолыма түсті.

Кітапты ары-бері ақтарып қарай отырып, ішкі бетіндегі «Достарыма арнаймын» деген жазуды көзім шалды. Көзім шалды да ойланып қалдым. Әдетте жазушылар кезекті кітабына «Анама арнаймын», «Әкеме арнаймын», «Ата-анама арнаймын» немесе «Сүйікті жарыма арнаймын» деген сияқты эпиграфтар қойып жатады. Ал достарға көбіне өлең арналады немесе музыка шығарылады, ән жазылады. Сондықтан С.Байменшенің тұтастай кітапты достарына арнауында да бір мән бар сияқты көрінді бізге.

Келесі бетті ашқанымда жинақтың Ресей астанасы Мәскеудің «Языки народов мира» баспасынан жарық көргенін аңғардым. Аңғардым да қызмет бабымен бірнеше жылдан бері Ресей астанасында жүрген журналист-жазушының өзінің негізгі жұмысынан бөлек, халқына, еліне, тіліне қатысты атқарып жүрген игі істеріне сүйсіндім.

Атап айтқанда, С.Байменше Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде дипломатиялық қызметте жүрген жылдары Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткерлері жөнінде мәселе көтеріп, мақала жазып, олардың кейбіреулерінің бейітін табуға атсалысып, жазықсыз жазаланған қайраткерлердің көзі тірі бүгінгі ұрпақтарының алғысын иеленіп, сауапты іс атқарғаны мәлім. Серікқалидың «Бесеудің бесігі» деген зерттеу мақаласымен танысқан сол кездегі Сенат депутаты, философия ғылымдарының докторы академик Ғарифолла Есімнің С.Байменше көтерген мәселеге байланысты Үкіметке сауал жолдағаны ойға оралады. Бір бұл ғана емес, қаламы жүйрік журналист ретінде С.Байменшенің Ресейдегі қазақ диаспорасы жөнінде «Мұрагер», «Дәнекер» атты қос кітап шығарғаны және бар.

Енді С.Байменшенің «Сырдесте» жинағы жөніндегі ойымызды қайта сабақтар болсақ, оның Мәскеу баспасынан қазақ тілінде кітап шығаруының өзі бізге тосын жаңалықтай көрінді. Кеңес үкіметінің кезінде мүйізі қарағайдай жазушыларымыздың кітаптары анда-санда Мәскеуден орыс тілінде жарық көре қалса, ол үлкен оқиғаға айналып, бұрыннан да жұрт аузында жүрген әлігі жазушының беделі одан сайын өсе түсер еді. Ал С.Байменше бүгінде көрші мемлекет аталатын Ресей астанасынан кітабын қазақ тілінде шығарып отыр. Мақтанатындай-ақ жағдай.

Және ол қандай кітап деңіз. Екі елдің қарым-қатынасына, таза саясатқа құрылған туынды болғандықтан шығарылып отыр деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін. Тіпті де олай емес. Эссе жанрында жазылған көркем дүние. Мұны бір есептен бірталай жылдан бері Қазақстаннан жырақта жүрген автордың елге, жерге, адамдарға деген сағынышы десек те болғанда    й. Бұл ретте жинақ мазмұнына берілген аннотациядағы «Бұл кітапта автор тағылымды тарих, ұрпақ жалғастығы, қанаттас қаламгерлер қақындағы өнегелі деректерді ой таразысынан өткізіп, қас-қағым тіршіліктің сыралғы суреттерін сөйлетеді, тілге, әдебиетке, баспасөз шежіресіне қатысты ғылыми пікірлерін ортаға салады. Деректі әңгіме және көркем эссе үлгісінде өзіндік авторлық мәнермен жазылған бұл еңбектер оқырманды бейтарап қалдырмайтыны сөзсіз» деген қысқа да нұсқа тұжырымнан көп нәрсені аңғаруға болады.

Автордың жинақты «Достарыма арнаймын» деген эпиграфпен беруінің де мәні бар екенін жоғарыда айттым. Бүгінде алпыстың белесінен асқан жазушы жиырманың о жақ, бұ жағындағы балаң жігіт шағында журналистік жолын облыстық газеттен бастап, өмірдің талай соқпақтарынан өткен, талай адамдармен дәмдес-тұздас болған сәттерін еске түсіреді. Өткен шақты, қимас жандарды жәй әншейін еске түсіру, ол үйткенде, мен бүйтіп едім деген сияқты бәтуасыз, қарабайыр әңгімелер кімді қызықтыра қояр дейсіз. Бұл ретте С.Байменшенің бұрыннан қалыптасқан өзіндік стилі, айтар ойы, көкейіндегісін көркем тілмен кестелеп жеткізе білетін қабілеті, жанының нәзіктігі аталған туындысынан да анық байқалады. Сөзіміз дәлелді болу үшін жазушының «Ұстазға хат» деген шығармасынан үзінді келтіре кетелік.

«Армысыз Нұр-аға! (Ұзақ жыл Ақтөбе облыстық газетін басқарған белгілі журналист-публицист Нұрқайыр Телеуов – С.Б.). Өзіңізбен жүздеспегелі талай жылдың жүзі ауды-ау!

Қырықтың қырқасындағы Сіз басқарып тұрған үлкен ұжымның есігін имене ашып, Университеттің табақтай дипломы дем беріп, газет бетінде жиырма жастың желпінген жазбаларын жарқырата жариялаған кезден бері қырық жыл болып қалыпты десем сенесіз бе?..

...Менің пайымдауымша, Сіз редактор ретінде әр уақытта  адамға адамның ықпал-ілтипатының имандылық жағын ұстандыңыз... Басшы екенмін деп кез келген мәселеге біржақты қарамай, ұжымның, орынбасарларыңыздың ой-пікіріне ойланып қарап, ескеріп, елеп, қолдап отыратынсыз...

Сіз үшін қызметкерді тану мен бағалаудағы ең басты өлшем – іскерлік қабілеті болатын. Айталық, Сіз бен біз елдес те емес едік, жерлес те емес едік. Бізді таныстырған да, табыстырған да – журналистік шығармашылық болатын, Сіздің редактор ретінде шығармашылық икемділікке жіті қарайтын, «жазсам, мамандығымды мақтанышыма айналдырсам» деген адамды қолдап, қуаттап отыратын қасиетіңіз еді...»

Бұған ұстазының қайтарған жауабы да оқырманды бей-жай қалдырмайды. «Құрметті, қадірменді інішегім Серікқали! Сіздің «Ұстазға хатыңызды» Раукеннің газетінен (сол жылдары журналист Раукен Отыншин Ақтөбе қаласында шығарған «Экономика. Бизнес» газеті – С.Б.) күллі әулет болып оқып шығып, баршамыздың атымыздан жүрекжарды сезімімізді, адал алғысымызды білдіріп отырмыз. Қабыл алыңыз, айнам! Ыстық ықыласқа толы, терең ойға, парасаттылық мазмұнға құрылған хатыңызды толғанбай, тебіренбей оқу мүмкін болмады. Жасыратыны жоқ, сөз маржанына, адал, шынайы шындыққа негізделген жолдар еріксізден көзден қуаныш жасын моншақтатты. Бақытты болыңыз, абыройыңыз арта түссін, асыл інішек!..».

Осынау шағын үзіндіден автордың да, ол хат арнаған адамның да болмысын анық аңғаруға болады. Ұстаз бен шәкірттің, аға мен інінің тебіреніске толы аталған жазбалары боямасыз шынайылығымен баурайды, адамдар арасындағы табиғи, мөлдір сыйластықты көз алдыңа елестетеді.

Осындайда кейбіреулердің көкейінде кім бастық болмады, кім қызметкер болмады, кіммен кім жұмыс істемеді деген сыңайдағы пенделік ойлар да қылаң беруі мүмкін. Ол рас. Өмірдің өзі солай құрылған. Біреу басшы, біреу бағынышты. Басшы мен бағынышты адамның арасында түрлі себептермен қарама-қайшылықтар да туындап жатады. Алайда барлық уақытта солай бола бермейтінін, бастық пен бағыныштының арасында да қылау түспейтін, арада ондаған жылдар өтсе де сыйластықтан, түсіністіктен туындайтын сағыныш табының басылмайтынын аталған туындымен танысқан адам бірден байқайды.

Оны біз де байқадық. Байқадық та автордың шығарманың бүкіл желісін аға-досқа, құрдас-досқа, іні-досқа арнауының мәнісін түсінгендей болдық. Бір есептен мұны жазушының өткен кезеңдерді оймен шолып, әріптестерінің, қаламдас достарының адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас мінездерін, өмірге көзқарастарын жұртшылық біле жүрсін, әр адамның өзінше бір әлем екенін түйсінсін деген ізгі ниеті деп ұқтық.

Әрине біз кітаптың бүкіл мазмұнын баяндауды мақсат етіп отырған жоқпыз. Айтпағымыз – үш тараудан тұратын туындыдағы деректерге құрылған әңгімелерден қарым-қатынастағы шынайылықтың, сағыныштың, қимастықтың, адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре білудің, соларды үлгі етудің («Сәдуақас», «Қонай», «Ербол», «Сембай», «Сейітқұл», «Төрегелді» т.б.) көрініс тапқанын, достар бейнесін сомдаудағы автордың тіл шеберлігін, әрбір шығарманы кестелі сөзбен әдіптей отырып, кейіпкерлер келбетін аша түсетінін жеткізу еді.

Сөз ретіне қарай қазақ тілінің мүмкіндіктерін қапысыз меңгерген және оны өзінің шығармашылығында шебер пайдалана білетін С.Байменшенің осы жинақтағы тіл туралы талдау мақалаларына («Жазу тілі», Тілдің гүлі») назар аудармау мүмкін емес. Мұнда автор тілді тұтынғанда оның ережесін, қалыптасқан қолданысын сақтау керектігін, орынды-орынсыз шұбарламау, түсініксіз сөздермен толтырмау қажеттігін айта келіп, бүгінгі баспасөздің тіл қолданысындағы әттегенайларды нақты мысалдармен дәлелдейді, әліпбиімізге қатысты тың ойларын ортаға салады.

Түйіндей айтқанда, кітаптағы басқа да мақалалар («Табылтану», «Төрт тәмсіл», «Сақнама», «Азат кітап», «Көңілжетер», «Сағыныш» т.б.) өзінің сөз саптауымен, мәселені талдауымен, кейіпкер мінезін аша білуімен ерекшеленеді. «Сырдесте» кітабы шын мәнінде оқырманмен сырласу кітабы десек жарасады.

 Орынбек ЖОЛДЫБАЙ, филология ғылымдарының кандидаты. Астана.  

28/11/2017





Добавить комментарий
Имя*:


Е-мейл:


Код с картинки*:

Комментарий:


* - поля обязательные для заполнения
Рейтинг@Mail.ru

Разработка сайта Seomax программирование - веб-студия SLT
Поиск



Ресей теледидары

ПервыйРоссия НТВСпортТВ Центр1



Қазақстан теледидары

KTKТК KazakhstanTK Khabar



Жарнама

Эйр Астана

Казах Ою

1

 2

 3

 

 





Әлем қазақтары


РФ қазақ ұйымдары
ФНКА КРФНКА КР
Московское общество казахской культуры "Мурагер"
КазРНКА г. Москвы
 «Ата-мекен» /Питер/
«Евразия» г.Мурманск
«Қазақстан» г.Волгоград
«Бірлік» г.Томск
«Мөлдір» г.Омск
РКНКА г.Омск
«Ақбата» г. Уфа
«Елім-ай» г. Уфа
«Казахстан» г.Казань
«Достық» г.Тюмень
«Ата-Мұра» г. Барнаул
«Ақ жол» г.Самара
«Жолдастық» г.Астрахань
РНКАК Саратовской обл.
«Казахская лига Поволжья»
НКАК Тюменьской обл.
НКАРК «Жұлдыз» г. Ялутор
«Қос ағаш» Алтайский к.
«Бірлік» Челябинская обл.
РНКАК Курганской обл.
«Өркен» г. Калининград
«Ассоц.Поволжских казах.»
 «Ата-Мекен». г.Сургуть
«Отан» г.Новосибирск
«Азамат» г. Челябинск
Казахский КЦ г. Ишим
«Жерлестер» г. Элиста
«Ата-Мекен» Ханты-Мансы
МНКАК г. Красноярск
«Жолдастык» г. Краснодарь
"Атамекен" Саха-Якутия
"Евразия-Казахстан" Екатер.
"Ассоциация казахов"Оренб.
КЦ "Бірлік" /Питер/
Я-Ненецкий АО, г.Салехард

КЦ Казахстан Саратов обл.

РНКА казахов Оренбуржья

РНКА казахов Вологды



Погода
GISMETEO: Погода по г. Астана GISMETEO: Погода по г. Меленки