Мәскеу өңірлік "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының веб-сайты
www.kazakh-tili.ru
.     
Айдарлар/Рубрики:


Соңғы видео

Кайдар аға, соңғы интервью

 



Календарь праздников

Праздники России



Байланыс/Контакты

Тел: 8-926-2321099;
E-mail:
otandastarkz@gmail.com



Пайдалы сілтемелер

Умма.ру

Онлайн курс казахского языка



Мүшелік жарна төлеу

Мүшелік жарна төлеу әдістері



Серіктестер

Киргиз-инфо в Москве

ФНКА

СТР

Союз грузин России

Издание Пресс-клуба при ГУ МДН

Открытый информационный портал еврейской общины России и русскоязычной Диаспоры

Актюбинское землячество в Москве



Сілтемелер


Мәдени орталықтар


  Главная   О нас   Фотогалереи   Видеоканал     Регионы

 

Сегодня четверг, 25 мая 2017 года

Мәскеуде Қайдар Құмарбековты еске алу кеші болып өтті

      Үстіміздегі жылдың жексенбі, 23 сәуірінде ҚР Елшілігінің мейманханасы ресторанында Мәскеулік  «Қазақ тілі» және «Мұрагер» қоғамдық ұйымдарының негізін қалаған, жалпы РФ қазақ қоғамдық ұйымдарының құрылуына импульс беруші болған ағамыз Қайдар Құмарбекұлын еске алу кеші өтті.

     Қайсы бірін айта берейік, сонау 90-жылдары қоғамдық ұйымды құру, жарғысын талқылап құзіретте органдарда бекітуге рұсат алу, оның заңды тұлға ретінде белгілі мекен жайға тіркеуді өз пәтерінде ұйымдастыру, - деген секілді көзге көрінбейтін, "Жалпы осының бәрін атқарған менмін негізі" , - деп айтарға ұят шараларыды өзіне тән ерік-жігерімен, ұлтжандылығымен жүргізген Қайдар  ағамыздың ұлтына деген еңбегі ерекше зор деп айтуға болады.

     Ұлтжанды ағамыз бір рет тілдескенге өте қарапайым көрінгенімен -  өресі биік, танымы өте терең, санасы сергек, сезімтал, есепшіл, қай нәрсені де парасатпен пайымдап, көп нәрсеге пікір білдіре қоймағанымен, сабырмен саралай білетіні көзге ұрып тұратын. Адамға сенгіштігі, ұлтжандылығы сол, өзі мүлдем танымайтын, ҚР қай өңірінен келген болса да, мен қазақпын деген отандастарын үйіне жатқызып, чемодандарын арқалап вокзалға шығарып жатқан мезеттерін талай рет көрген болатынбыз. 

    Кеште "Қазақ тілі» мен «Мұрагер» қоғамдық ұйымдарының белсенділері, етене жақын қарындастары, қыздары мен күйеубалдары, сонымен қатар бұдан бес жыл бұрын мәңгілік сапарға шығарып салысқан жандардың көпшілгі болды. 

     «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы Әбуислам Тұрсынбаев астың басқарушысы болып, Қайдар ағамыз жайлы еске алу тілектерін айтушыларға рет-ретімен беріп отырды. Мәскеу қазақтарының Имамы Марат Аршабаев Қайдар ағамызға бағыштып Құран оқыды.  Ағаның қоғамдастары, қыздары, жақын туыстары өздерінің ықыластарын тебірене айтып жатты. 

   Төменде әрбір жылдардағы Қайдар ағамыз туралы айтып кеткен пікір-лебіздердің бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

   Марқұм Тұрсынай Оразбаева Қайдар аға жайлы:  Өзінің жұбайы Берлин апамызды өмір-бақи еркелетіп, қас-қабағына қарап, "Бекетайым" деумен жақсы көріп өткен еді. Жалпы Ресей жеріндегі қазақ қозғалысның ірге тасын қалап кеткендердің бірі осы Қайдар Құмарбеков ағамыз.

     Марат Сырлыбаев:  Мәскеуде Қайдар ағамызды танымайтын қазақ жоқ. Біздің «Мұрагер» қоғамдық ұйымымыз туралы "Мұрагер мың жасасын!",-деген ұран осы ағамыздың қалдырып кеткен өсиеттерінің бірі.

   Айшат Байғазиева: Мен сонау 90-жылдардың күз айларында Мәскеуде білім алып, еңбек етіп жатқан қазақ жастарының ұйымдастырылуымен өтіп тұратын "Алтын күз" фестивальі шарасы аумағындағы бір конкурсқа әділ қазылар алқасының мүшесі болғаным бар еді. Ол кезде көп қазақтарды тани бермейтін жап-жас кезім. "Жюрилік" орныма енді жайғасайын деп жатқанымда, осы, жасы 60-да шамасындағы Қайдар ағамен танысып қалдым. Сол сәттерден-ақ ағамыздың ұлтжанды, мейірімді, қарапайым жан екендігі өзіме бірден сезілді.  Уақыт өте келе бауыр басып, туған қызындай болып кеттім. Жиі-жиі өз жағдайыммен қоса туыстарым жайлы да сұрап, "Не көмек керек?",- деп тұрушы еді марқұм ағам.  

     Бір жолы мен елге барайын деп жатқанымда, колында сәлемдемесі бар Қайдар ағам: "Айшат сенің жерлестеріңнің көбісі білім мен өнерге талпынған жандар ғой, мына хатты термеші Аяз Бетбаевқа апарып берші, айналайын. Хатта да жаздым, ол кісі міндетті түрде осы Мәскеудегі аспирант жамбылдық жерлесі Тұралы Мүсрепбековпен танысып, бір-бірімен байланыста болсыншы. Екеуі де творчествоның адамдары ғой...",- деді. Тапсырманы бұлжытпай орындадым, бірақ менен қателік кетіпті, еш болмаса сол Аяз Бетбаевтың шығармалық туындылары жазылған кассеталарды сыйлық ретінде әкеп бермеппін ғой ағама деп қазір ойлап қоямын.

     Қазір сол сәттерді көз елегінен өткізе отырып, Қайдар ағам нағыз патриот кісі болған екен ғой деген тоқтамға келемін. Ол өз қандастарының ешбір қызғанышсыз бір-бірімен жақын араласып, жақсы қарым-қатынаста, елден жырақ болғаннан кейін ұйымшылдықпен бірге жұмыс-тірлік жасағанын  сонау Кеңестің дәуірде де көксеген екен.  Қай ұлт өкілі болса да қазақ ұлтын сүйіп-сыйлаған жандарды қадірлеп, оларға қызмет жасап, жәрдем беруден ешбір жалықпаған жан еді. Қайдар ағамның жатқан жері жайлы,жарық болып, топырағы жеңілдей берсін! Жұмақта орны болсын ...

      Кеш соңында «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы Ә. Тұрсынбаев веб-сайт редакторы О.Қуандықовтың 5 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы акиматына жіберілген хатының мазмұнымен таныстыра отырып (төменде), өз басы бұл ұсынысты әрмен қарай тездетуді жалғастыратынын айтып сендірді. 

1

    Бір Алладан басқаның бәрі өзгермек,-деп Абай атамыз айтпақшы, дүниенің бәрі фәни өткінші, көптеген есте қалуы керек тұлғалардың еңбектері айтылмай да, жазылмай да,  ұмытылып-бұрмаланып кетіп жатады. Ал қарапайым ғана Қайдар ағамыз қамшының сабындай қысқа өмірінде мәнді де мағыналы өмір сүрді. Оның өз ұлтына, жерлестері мен отандастарына жасаған жақсылықтары, қызметтері, көмектері, өсиеттері әрбір өрескел ұрпақтың да жадында мәңгі қалса екен деп тілейміз.

      Біздер Мәскеу жерінде қаншама жыл тұрсақ та, Қайдар ағамыздай рухани дүниесі бай, қарапайым, ең алдымен мейірімді, кешірімді, патриот тұлғаны кездестірген емеспіз. Осы ағамыздай елжанды бауырларымыз көп болсын!

2

                               Фото 1.

3

                     Фото 3.

4

                         Фото 4.

5

                                    Фото 5.

 

      Құрметпен, "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының Басқарма мүшелері атынан - Айшат Байғазиева

23/04/2017





Добавить комментарий
Имя*:


Е-мейл:


Код с картинки*:

Комментарий:


* - поля обязательные для заполнения
Рейтинг@Mail.ru

Разработка сайта Seomax программирование - веб-студия SLT
Поиск



Ресей теледидары

ПервыйРоссия НТВСпортТВ Центр1



Қазақстан теледидары

KTKТК KazakhstanTK Khabar



Жарнама

Эйр Астана

Казах Ою

1

 2

 3

 

 





Әлем қазақтары


РФ қазақ ұйымдары
ФНКА КРФНКА КР
Московское общество казахской культуры "Мурагер"
КазРНКА г. Москвы
 «Ата-мекен» /Питер/
«Евразия» г.Мурманск
«Қазақстан» г.Волгоград
«Бірлік» г.Томск
«Мөлдір» г.Омск
РКНКА г.Омск
«Ақбата» г. Уфа
«Елім-ай» г. Уфа
«Казахстан» г.Казань
«Достық» г.Тюмень
«Ата-Мұра» г. Барнаул
«Ақ жол» г.Самара
«Жолдастық» г.Астрахань
РНКАК Саратовской обл.
«Казахская лига Поволжья»
НКАК Тюменьской обл.
НКАРК «Жұлдыз» г. Ялутор
«Қос ағаш» Алтайский к.
«Бірлік» Челябинская обл.
РНКАК Курганской обл.
«Өркен» г. Калининград
«Ассоц.Поволжских казах.»
 «Ата-Мекен». г.Сургуть
«Отан» г.Новосибирск
«Азамат» г. Челябинск
Казахский КЦ г. Ишим
«Жерлестер» г. Элиста
«Ата-Мекен» Ханты-Мансы
МНКАК г. Красноярск
«Жолдастык» г. Краснодарь
"Атамекен" Саха-Якутия
"Евразия-Казахстан" Екатер.
"Ассоциация казахов"Оренб.
КЦ "Бірлік" /Питер/
Я-Ненецкий АО, г.Салехард

КЦ Казахстан Саратов обл.

РНКА казахов Оренбуржья

РНКА казахов Вологды



Погода
GISMETEO: Погода по г. Астана GISMETEO: Погода по г. Меленки