Мәскеу өңірлік "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының веб-сайты
www.kazakh-tili.ru
.     
Айдарлар/Рубрики:


Соңғы видео

Кайдар аға, соңғы интервью

 



Календарь праздников

Праздники России



Байланыс/Контакты

Тел: 8-926-2321099;
E-mail:
otandastarkz@gmail.com



Пайдалы сілтемелер

Умма.ру

Онлайн курс казахского языка



Мүшелік жарна төлеу

Мүшелік жарна төлеу әдістері



Серіктестер

Киргиз-инфо в Москве

ФНКА

СТР

Союз грузин России

Издание Пресс-клуба при ГУ МДН

Открытый информационный портал еврейской общины России и русскоязычной Диаспоры

Актюбинское землячество в Москве



Сілтемелер


Мәдени орталықтар


  Главная   О нас   Фотогалереи   Видеоканал     Регионы

 

Сегодня четверг, 25 мая 2017 года

Қазақ жазушысының қуанышы

 

       Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен жазушы Рақымжан Отарбаевтың түрік тіліне аударылған «Бас» атты романы мен «Ақ көбелектер» атты әңгімелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. 

     Шараға Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Әлімхан Есенгелдиев, Еуразия Жазу­шылар одағының төрағасы Якуб Ома­роғлы, Түркия премьер-министрінің кеңесшісі Дұрсын Кувелиоғлы, Ети­месгут муниципалитеті мэрінің орынбасары Айхан Үнал, Кечиөрен муниципалитеті мэрінің орынбасары Мұстафа Арач, Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Асқар Тұр­ғанбаев, Гази университетінің доценті, ғылым докторы Жәмила Кынаджы, жазушы Хатиже Үзгүл және басқа зиялы қауым мен дипломатиялық миссияның өкілдері қатысты. 
     Елшіліктің атынан құттықтау сөз сөйлеген Уақытша сенімді өкіл Әлімхан Есенгелдиев Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастың күн өткен сайын нығайып отырғандығын атап өтіп, мәдениет және өнер, әдебиет және білім салалары бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде хабардар етті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ғабит Мүсірепов, Олжас Сүлейменов, Бексұлтан Нұржекеұлы, Мархабат Байғұт, Смағұл Елубай, Несіпбек Дәутайұлы, Дидахмет Әшімхан, Нұрғали Ораз сынды қа­зақтың көрнекті жазушыларының туындылары түрік тіліне аударыл­ға­нын айтты. 
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаевтың «Бас» атты романын белгілі түркіта­нушы-ғалым Гүлзада Теменова тәржі­маласа, «Ақ көбелектер» атты әңгімелер жинағын аудармашы-жазушы Мәлік Отарбаев түрікше сөйлетті. Ал Еуразия Жазушылар одағы ай сайын шығарып отыратын «Кардеш калемлер» журналы бір санын Рақымжан Отарбаевтың шығарма­шылығына арнап отыр. Басы­лым осыған дейін Сүйінбай Аронұлы, Қасым Аманжолов, Бердібек Соқпақ­баевқа, Шерхан Мұртаза, Жамбыл Жабаев, Олжас Сүлейменов сынды ақын-жазушыларымыздың еңбектерін түркі жұртшылығына таныстырған болатын. 
     Рақымжан Отарбаевтың туын­дылары осыған дейін қытай, орыс, араб, француз, ағылшын тілдерінде жарық көрген. 
     – Бұл менің мерейтойыма орай көрсетіліп жатқан үлкен құрмет. Еларалық мәдени, әдеби байланыс орнады деген осындай болады. Мен үшін ғана емес, қазақ үшін қуанышты жаңалық. Атсалысқан азаматтардың барлығына алғыс білдіремін, – дейді жазушы Рақымжан Отарбаев. Соңынан мерейтой иесі Қазақстан елшілігінің «Қазақстан-Түркия» бауыЖамрластық медалімен және Дүйсен Қасейінов TÜRKSOY тағайындаған Халдун Танер атындағы халықаралық медал­ьмен марапаттады.

        http://aikyn.kz

18/11/2016





Добавить комментарий
Имя*:


Е-мейл:


Код с картинки*:

Комментарий:


* - поля обязательные для заполнения
Рейтинг@Mail.ru

Разработка сайта Seomax программирование - веб-студия SLT
Поиск



Ресей теледидары

ПервыйРоссия НТВСпортТВ Центр1



Қазақстан теледидары

KTKТК KazakhstanTK Khabar



Жарнама

Эйр Астана

Казах Ою

1

 2

 3

 

 





Әлем қазақтары


РФ қазақ ұйымдары
ФНКА КРФНКА КР
Московское общество казахской культуры "Мурагер"
КазРНКА г. Москвы
 «Ата-мекен» /Питер/
«Евразия» г.Мурманск
«Қазақстан» г.Волгоград
«Бірлік» г.Томск
«Мөлдір» г.Омск
РКНКА г.Омск
«Ақбата» г. Уфа
«Елім-ай» г. Уфа
«Казахстан» г.Казань
«Достық» г.Тюмень
«Ата-Мұра» г. Барнаул
«Ақ жол» г.Самара
«Жолдастық» г.Астрахань
РНКАК Саратовской обл.
«Казахская лига Поволжья»
НКАК Тюменьской обл.
НКАРК «Жұлдыз» г. Ялутор
«Қос ағаш» Алтайский к.
«Бірлік» Челябинская обл.
РНКАК Курганской обл.
«Өркен» г. Калининград
«Ассоц.Поволжских казах.»
 «Ата-Мекен». г.Сургуть
«Отан» г.Новосибирск
«Азамат» г. Челябинск
Казахский КЦ г. Ишим
«Жерлестер» г. Элиста
«Ата-Мекен» Ханты-Мансы
МНКАК г. Красноярск
«Жолдастык» г. Краснодарь
"Атамекен" Саха-Якутия
"Евразия-Казахстан" Екатер.
"Ассоциация казахов"Оренб.
КЦ "Бірлік" /Питер/
Я-Ненецкий АО, г.Салехард

КЦ Казахстан Саратов обл.

РНКА казахов Оренбуржья

РНКА казахов Вологды



Погода
GISMETEO: Погода по г. Астана GISMETEO: Погода по г. Меленки