Мәскеу өңірлік "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының веб-сайты
www.kazakh-tili.ru
.     
Айдарлар/Рубрики:


Соңғы видео

Кайдар аға, соңғы интервью

 



Календарь праздников

Праздники России



Байланыс/Контакты

Тел: 8-926-2321099;
E-mail:
otandastarkz@gmail.com



Пайдалы сілтемелер

Умма.ру

Онлайн курс казахского языка



Мүшелік жарна төлеу

Мүшелік жарна төлеу әдістері



Серіктестер

Киргиз-инфо в Москве

ФНКА

СТР

Союз грузин России

Издание Пресс-клуба при ГУ МДН

Открытый информационный портал еврейской общины России и русскоязычной Диаспоры

Актюбинское землячество в Москве



Сілтемелер


Мәдени орталықтар


  Главная   О нас   Фотогалереи   Видеоканал     Регионы

 

Сегодня суббота, 29 апреля 2017 года

Біз, Саратов облысының қазақтары, Тәуелсіз еліміздің бар екендігін мақтан тұтамыз - Г. Ташпеков

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда таяу күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде осы қауымдастықтың «Атажұрт» баспасынан шыққан кітаптардың тұсаукесері өткен болатын. Бұл баспада негізінен шетелдегі қазақ диаспораларының тарихын, өмірін, қоғамдық және этникалық жай-күйін, тарихи Отанмен байланысын көрсетуге арналған шығармалар шығады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген 4 кітаптың екеуі осы тақырыпқа арналды. Солардың бірі - Ресейдің Саратов облысында өзінің адам саны және әлеуметтік орны жөнінен орыстардан кейін екінші орындағы этникалық топ болып саналатын қазақ диаспорасының өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Геннадий Ташпековтің «Саратов облысының қазақтары: тарих және қазіргі заман» атты кітабы осы кезге дейін зерттелмеген тың тақырыпты қозғауымен құнды болып отыр. Осыған орай, «ҚазАқпарат» тілшісі кітап авторын әңгімеге тартып, шетелдегі қандастарымыздың әлеуметтік жағдайы, тарихи отанмен байланысы және Елбасының Жолдауы жайында пікірі жайында сұрап, сұхбат алған болатын.

- Геннадий Александрович, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда өзінің «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын жариялады. Осыған қатысты өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз. 

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - болашақты болжай білетін көреген саясаткер. Қазір әлемді жайлаған дағдарыс күшейіп келе жатыр. Сондықтан, Елбасы уақыт күттірмей, өз Жолдауын жариялап, халықтың көңіліне болашаққа деген сенім ұялатты. Бұл тарихи құжатта жалаң сөздер жоқ, онда нақты атқарылатын шаралар көрсетілген. Бұл Жолдау сонысымен ұтымды. Бюджеттік салада еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы өсетін болды. Ал жалақының өсуі біз - Ресей қазақтары үшін қол жетпес арман. Бізде қатаң үнемдеу режімі орнаған. Ал Қазақстанға шетелдік инвестиция қарқынды түрде келіп жатыр. Бұл тамаша нәтиже. Өйткені, сол инвестицияға салынған өндіріс нысандары Қазақстанның игілігіне жұмыс істейтін болады. Инвесторлар оларды арқалап кетпейді ғой. Бұл Жолдаудың маңыздылығын сонау ел басына күн туған шақта - 1941 жылы И. Сталиннің Кеңес халқына арнап: «Достарым, бауырларым мен қарындастарым» деп сөйлеген баяндамасының маңыздылығымен ғана салыстыруға болар. Жолдаудың арқасында халықтың дағдарысты еңсеретіндігіне көзі жетті. Жалпы, менің байқағаным, Қазақстанда дағдарыс аса бір меңдеп тұрған жоқ. Бұл, Елбасының көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр деп санаймын. Дағдарыстар қашанда болып тұрады. Меніңше, бұл жаңару, жаңғырудың жолы. Біз, Саратов облысының қазақтары, тәуелсіз еліміздің бар екендігін мақтан тұтамыз. Тарихи отанымызда болып жатқан өзгерістер жайында қашанда құлағдар болуға тырысамыз.

- Елбасы өз Жолдауында 2017 жылдан бастап, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы қолға алынатындығын жариялады. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

- Мен дәл осы саланың маманы ретінде бұл бастаманы қолдаймын! Өйткені, қазір жоғары білімі бар, бірақ жұмыссыз жүрген жас мамандар - заңгерлер, қаржыгерлер, экономистер көп. Олар қолмен ештеңе жасай алмайды. Бізде де қазір кәсіби-техникалық мамандықтарға деген сұраныс артып жатыр. Бұл өте дұрыс қадам. Бұл тәуелсіз Қазақстанға үлкен олжа әкелетін қадам. Барлық адамға жоғары білім алу міндет емес. Орташа кәсіби-техникалық мамандық иесі болып та жақсы өмір сүруге болады. Қазір оларға сұраныс үлкен. Сондықтан гуманитарлық білімі бар мамандарды көбейте берудің қажеті жоқ. Экономиканың материалдық игіліктер өндіретін нақты саласына бет бұру керек. Тағы да айтарым, сіздерде «Болашақ» деген бағдарлама бар. Бізде ондай бағдарлама атымен жоқ. Ал қазақстандық жастар шетелге барып, жетекші жоғары оқу орындарында сапалы білім алып қайтып жатыр. Қазақстан өзінің мұндай білімді, дарынды жастарымен болашаққа нық қадам жасайды. Өткен жылы Астанаға Саратов облысынан арнайы делегация келді. Оның құрамында мен де болдым. Сонда жергілікті колледждерді аралап, материалдық-техникалық базаларының өте жоғары деңгейде екендігін көріп, таң қалдық. Олар заманауи қондырғылармен жарақтанған. Ал бізде ондай емес, бізде теория жағына көп көңіл бөлінеді. Ал практиканы студенттер өндіріске барып бір-ақ үйренеді. Сөйтіп, тағы да бір-екі ай бойы қайта үйренулеріне тура келеді. Ал мұнда дуальды білім жүйесі енгізілген. Бұл өте қуанарлық жағдай. Қазақстанда колледж студенттері өндірісте де тәлім алып, сертификат алады. Осылайша, олар өздері тәжірибеден өткен компанияның басқа елдерде орналасқан филиалдарына барып, қызмет істеу мүмкіндігіне ие болады. Мен өзім сол сапар барысында көп жайтқа қанықтым. Енді алған білімімді өзім істейтін техникумда да жүзеге асыруға күш салатын боламыз.       

- Геннадий Александрович, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады. Содан бері 24 жыл өтті. Сол кез есіңізде ме? Бұл жаңалықты естігенде қандай күйде болдыңыз? 

- Ой, бұл есте қалған жыл болды ғой. Сол жылы 19 шілдеде менің үйлену тойым болды. Кейін, тамызда аты-шулы «ГКЧП» болды. Мен ол кезде Орал қаласындағы педагогикалық институттың КОКП тарихы кафедрасында оқытушы едім.  Жағдайлар күрт өзгеріп жатты. Содан одақ тарай бастады. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Біз мұны тағатсыздана күттік. Сол кезде қуанышымызда шек болмады! Бұл тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырлар жырлаған, аңсаған арманы еді ғой! Соған, ешқандай қақтығыссыз, қантөгіссіз жеткеніміз тегін емес. Бізді ата-бабамыздың рухы қолдады. Мен кейде ойлаймын. Тәуелсіздік бізге өте қымбатқа түсті. Сонау жоңғар, қалмақ шапқыншылығы, отаршылық саясат, қызыл террор, 20-шы және 30-шы жылдардағы жантүршігерлік ашаршылықтар, қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан соғысындағы қыршан кеткен боздақтардың қаны, кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, міне қазақ халқының тәуелсіздік үшін, еркіндік үшін шеккен азабы орасан. Сол үшін тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтайық! Қазақстандықтарға денсаулық, бақыт және толағай табыстар тілеймін! Қазақстан әрқашанда өсіп-өркендей берсін! Ең бастысы, қазақстандықтар өзіне сенім артсын. Ешқандай шетелдік ұйым, тіпті Дүниежүзілк сауда ұйымы келіп, экономиканы дамытып бермейді. Бақытты болу өз қолымызда! Сондықтан, менің тілерім, қазақстандықтар Елбасымен бірге алға баса берсін! Жасасын, Қазақстан!

- Геннадий Александрович, Саратов өңірінде тұратын қандастарымыздың өмірі мен әл-ауқаты жайында білгіміз келеді.

- Біз Бөкей ордасының ұрпақтарымыз. Біздің ата-бабаларымыз ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы Сарытау аумағын мекендей бастаған. Кейін, Жәңгір хан бұл жерді Саратов губернаторынан жалға алған. Өйткені, халық саны мен мал басы көбейе бастаған. Қазір онда қазақша Байқожа, Сұлтанбек деп аталатын елді мекендер баршылық. Қазір Саратов өңірінде қазақтардың саны 80 мыңға жуықтайды. Қазақтар негізінен Еділ өзенінің сол жағалауын мекендейді. Ол Батыс Қазақстан облысымен шектеседі. Ұзындығы 500 шақырымдай. Міне сол аймақтың ауылдық жерлерінде негізінен қазақтар тұрады. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Кеңес заманында қазақтар өте бай тұрған. Ол кезде волга машинасы аудан хатшысы мен қазақ шопандарында ғана болған. Ал 90-шы жылдары жағдайлары қиындады. Қазақтардың бір бөлігі Қазақстанға, Орал қаласына көшті. Ал жастарлың көбісі Саратов, Энгельс, Балаково, Ершов сынды қалаларға ағылды. Онда ер азаматтарымыз негізінен жеке кәсіпкерлікпен айналысады немесе жүргізуші болып еңбек етеді. Ал қыздарымыз дүкендерде, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарында еңбек етеді. Дегенмен, білім саласында қазақтар баршылық. Отыз шақты бауырымыз жоғары оқу орындарында оқытушы, 60 шақты адам аудандық және ауыл мектептерінде директор болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, қазақтардың арасынан мықты фермерлер шығып жатыр. Мысалы, Сырем Байзульдиновты айтуға болады. Ол ірі шаруа қожалығы - «Трудовой» асыл тұқымды мал зауыты» жабық акционерлік қоғамын басқарады. Оның 2 мың асыл тұқымды сиыры бар. Одан басқа Бисембай Шарлапаев «Зоринское» ірі шаруа қожалығын басқарады. Қой шаруашылығымен айналысады және қымыз өндіреді. Бізде, Саратов қаласында қымыз сатылады. Сонымен қатар, Қазақстанға да келіп, бизнеспен айналысып жүрген жастарымыз бар. Төрт ауданда қазақтардың демографиялық ахуалы жақсы. Мысалы Александров Гай ауданында қазақтардың үлес салмағы 60 пайызды құрайды. Сондай-ақ, Перелюб, Озинский және Ровенский аудандарын да айтуға болады. Мысалы, Ровенский ауданында ноғай қазақтар тұрады. Кезінде Жәңгір хан оларды қазақтардың қатарына қабылдаған. Сөйтіп, олар қазақ болып кеткен. Бірақ жүзге кірмейді. Төре, төлеңгіт, қожа секілді өз алдына бөлек ру.          

- Сіздерде орта мектептер бар ма?

- Жоқ. 1930 жылдан 1973 жылға дейін Александров Гай ауданында бір мектеп болған. Қазір ол жоқ. Ата-аналар балаларын орыс мектептеріне береді. Біз астрахандықтар мен орынборлықтарға қызыға қараймыз. Оларда қазақ мектептері бар. Бізде факультатив ретінде бар, яғни міндетті түрде оқытылмайды. Егер қазақ тілі міндетті пән ретінде енгізілсе, құба-құп болар еді. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елші-кеңесшісі Марат Сыздықов Саратов облысының білім министрімен кездесті. Сонда осы мәселе көтерілді. Енді оң шешімін тауып қалар деген үміттемін..

- Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан сіздің кітабыңыз жарық көрді. Ол не жайында?

- Бұл кітап «Саратов облысының қазақтары: Тарих және қазіргі заман» деп аталады. Онда Саратов өңірінде өмір сүретін қазақ қауымының өмірі мен тарихы, қазіргі хал-ахуалы жайында сөз болады. Маған бұл кітапты жазуға екі себеп түрткі болды. Мен Саратов өңірінде қазақ жастарын үнемі әңгімеге тартып жүремін. Сонда олардың қазақ тілінде мүлдем сөйлей алмайтындығын, өзінің жеті атасын, тіпті өз руын да біле бермейтінін естіп, қатты күйзелдім. Көңілімде реніш пайда болды. Біз аға ұрпақ әрине тарихымызды жақсы білеміз, бұл өңірге қазақтардың қалай, қандай себептермен келгені әрқашан жадымызда. Тілімізді білеміз. Ал бүгінгі жас ұрпақ, өкінішке қарай, білмейді десе де болады. Мысалы, қазақ жігіті қазақ қызымен танысып қалса, сонда руларын білмей тұрса не болғаны?! Екінші себеп - менің әріптестерім: «Қазақтар жайында кітап жоқ. Олардың бұл өңірге келу тарихын сен жазбасаң кім жазады?», деп дем берді. Шынында бұл тақырыпта біздің жақта, кітапханаларда қазақтардың тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жайында әдебиеттер жоқтың қасы еді. Сөйтіп, мұрағаттардан құжат жинап, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында жарық көрген газеттерді парақтап, басқа да әдебиеттерден іздестіріп, осы кітапты жазып шықтым. Кітапқа материал іздеу барысында Жәңгір ханның Саратов губернаторына жерді жалға алу бойынша жазған хатын таптым. Ол бұған дейін еш жерде жарық көрмеген! Ал Саратовта Жәңгір ханның тіпті өз алдына бөлек үйі де болған екен. Мұнда кеңес заманы да қамтылған. Саратов облысынан 5 қазақ «Социалистік Еңбек Ері» атанған. Кітапты шығаруға туысқан ағам мен бір әріптесім демеушілік көрсетті. Сонымен қатар осы кітапты шығаруға атсалысқаны үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына шексіз ризашылығымды білдіремін. Енді Саратов қаласында облыс басшылығын шақырып, кітаптың тұсауын кесеміз.

- Геннадий Александрович, өзіңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз.  

- Мен 1962 жылы Саратов қаласында тудым. Әкем Бақтыгерей Оңғарұлы Ташпеков. Шеркеш руынан. Әкем Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Ташпек ауылында туып өскен. 1930 жылдың қаңтар айының соңында бір күні Оңғар атамыздың үйіне оның ауыл советте істейтін туысқан інісі келіп: «Оңғар, қаш! Сен кулактардың мүлкін тәркілеу тізіміне ендің. Ертең таңертең біз саған келеміз» - дейді. Атамыз мықты орта шаруа адамы болған ғой. Содан малдарды тарататынын таратып, соятынын сойып, жолға азық жинап, үлкен екі шанаға отырып, шекара асып кете барады. Әжеміздің екі інісі де бірге кетеді. Сатқындар біліп қоймасын деп, үйдегі майшамды өшірмей кетеді. Содан, «сығандық өмір» басталды. Қыста Еділдің мұзынан өтіп, Николаевск қаласынан бір шығады. Аттың сауырында өмір сүрді десе де болды. Волгоград, Воронеж және Саратов облысының аумағында көшіп-қонып жүрген. Жазда егін жинауға жалданса, қыста қалаға келіп, арбакеш, кіреші болып күн кешкен. Тұрақты мекен-жайлары болмаған. Ал анамның отбасының да тағдырысы осы тектес. Тек бір айырмашылығы, нағашы бабам отбасымен Мәскеу облысына қашады. Анам сол жақта - Серебряно-пруд ауданында туған. 1918 жылдан 1941 жылға дейін Еділ бойы немістерінің автономиялық республикасы деген болған. Онда қазақтар да тұрған. Кейін соғыс басталып, майдан шебі жақындаған соң, немістер Сібір мен Қазақстанға жер аударылады. Сол мезетте Мәскеу облысында тұратын қазақ қауымы түгелімен сол немістер тұрған өлкеге қоныстандырылады. Немістердің бос қалған үйлеріне орналасқан. Сонда анам айтып отыратын - көшіп келгенде елді мекендер азан-қазан болып жатыр екен. Сауылмаған сиырлардың, басқа да аш малдардың дауыстарынан құлақ тұнған. Содан 1960 жылы әке-шешем бір-бірімен танысып, үйленеді. 1962 жылы мен тудым. Алты жасыма дейін Волгоград облысында Камышин ауданында ата-әжемнің қолында өстім. Орыс тілін білмейтінмін. Кейін, Саратовқа әке-шешемнің қолына келген соң, мектептке бардым. Саратов мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, жолдама бойынша Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласының педагогика институтына келіп жұмыс істедім. Осында үйлендім. 1995 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. Қазір, Саратов химия-технологиялық техникумы директорының орынбасары болып қызмет атқарып жатқан жайым бар. Бір ұл, бір қызым бар. Төлқұжатымда мен - Геннадий Александрович Ташпековпын. Неге дейсіз ғой? 1934 жылы Кеңес одағында төлқұжаттау науқаны жүргізілген. Ол кезде атам Волгоград облысында тұрады. Бір күні төлқұжат алайын деп «селсоветке» барады. Сөйтсе, ондағы орыстар: «Оңғар Шерденұлы, сіз бүкілодақтық староста - Михаил Иванович Калининді білесіз ғой, ыңғайлы болуы үшін сіздің аты-жөніңізді де сол кісінің аты-жөні секілді етіп жаза салайық. Михаил Иванович Ташпеков боласыз. Айтуға өте оңай», - депті. Атам: «Жарайды», - деп қолын бір-ақ сілтепті. Ал әжемді Анна Захаровна деп жазған. Әкем - Бақтыгерей Оңғарұлы - Александр Михайлович болып жазылды. Бүгінде мен - Ғұбайдолла Бақтыгерейұлы Ташпеков - Геннадий Александрович Ташпековпын. Енді, аты-жөнімді өзгерту қиын емес. Мұны алдағы уақытта көре жатармыз. Болашақта тарихи отанымызға көшіп келсек деген ойымыз бар. Мұны да енді уақыт көрсетеді.

 

- Әңгімеңізге рахмет.

24/12/2015





Добавить комментарий
Имя*:


Е-мейл:


Код с картинки*:

Комментарий:


* - поля обязательные для заполнения
Рейтинг@Mail.ru

Разработка сайта Seomax программирование - веб-студия SLT
Поиск



Ресей теледидары

ПервыйРоссия НТВСпортТВ Центр1



Қазақстан теледидары

KTKТК KazakhstanTK Khabar



Жарнама

Эйр Астана

Казах Ою

1

 2

 3

 

 





Әлем қазақтары


РФ қазақ ұйымдары
ФНКА КРФНКА КР
Московское общество казахской культуры "Мурагер"
КазРНКА г. Москвы
 «Ата-мекен» /Питер/
«Евразия» г.Мурманск
«Қазақстан» г.Волгоград
«Бірлік» г.Томск
«Мөлдір» г.Омск
РКНКА г.Омск
«Ақбата» г. Уфа
«Елім-ай» г. Уфа
«Казахстан» г.Казань
«Достық» г.Тюмень
«Ата-Мұра» г. Барнаул
«Ақ жол» г.Самара
«Жолдастық» г.Астрахань
РНКАК Саратовской обл.
«Казахская лига Поволжья»
НКАК Тюменьской обл.
НКАРК «Жұлдыз» г. Ялутор
«Қос ағаш» Алтайский к.
«Бірлік» Челябинская обл.
РНКАК Курганской обл.
«Өркен» г. Калининград
«Ассоц.Поволжских казах.»
 «Ата-Мекен». г.Сургуть
«Отан» г.Новосибирск
«Азамат» г. Челябинск
Казахский КЦ г. Ишим
«Жерлестер» г. Элиста
«Ата-Мекен» Ханты-Мансы
МНКАК г. Красноярск
«Жолдастык» г. Краснодарь
"Атамекен" Саха-Якутия
"Евразия-Казахстан" Екатер.
"Ассоциация казахов"Оренб.
КЦ "Бірлік" /Питер/
Я-Ненецкий АО, г.Салехард

КЦ Казахстан Саратов обл.

РНКА казахов Оренбуржья

РНКА казахов Вологды



Погода
GISMETEO: Погода по г. Астана GISMETEO: Погода по г. Меленки